ОСК сайлау бюллетенінің 5 түрін ұсынды
306
19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері көк түсті болып белгіленді.
Ал бірмандаттық округ бойынша жасыл түсті бюллетеньдер белгіленді.
Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі - күлгін.
Ал бірмандаттық округ бойынша сайлау бюллетені - қызылсары түсті.
Бірмандаттық округ бойынша қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі сұр болып белгіленді.

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын
депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 26-1 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтіні сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізу туралы жеребе тартуды өткізу нәтижелерінің негізінде, осы қаулыға
1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервін қоса дайындалуға және өңірлерге жеткізілуге тиіс, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің саны осы қаулыға
2-қосымшаға сәйкес 12 152 876 (он екі миллион жүз елу екі мың сегіз жүз жетпіс алты) дана болып белгіленсін.
3. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілеріне қойылатын талаптар осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін белгіленген санда дайындауды және өңірлерге жеткізуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Н. Әбдіров
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
М. Ерман
Астана қаласы,
2023 жылғы 27 ақпан
№ 50/734