Премьер-министр Екатеринбург қаласына барды

535
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Екатеринбург қаласына барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Онда делегация XII "ИННОПРОМ" халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады. Сондай-ақ көрме аясында Әлихан Смайылов РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізіп, ірі ресейлік компаниялардың басшыларымен кездеседі.

Қазақстан 2022 жылы ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіп көрмесінің серіктес елі болады.
ИННОПРОМ ұйымдастыру комитетінің басшысы, Ресейдің индустрия және сауда министрі Денис Мантуровтың айтуынша, өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 30 процентке артқан.


"Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік инвесторлар құны 36 млрд долларға жуықтайтын жобаларға қатысуда. Сонымен қатар машина жасау, атом энергетикасы, химия, металлургия, тау-кен өнеркәсібі және ақпараттық технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өту керек. ИННОПРОМ – 2022 сауда-экономикалық қарым-қатынасымыздың дамуы мен нығаюына оң ықпал етеді", - деді министр Денис Мантуров.

Айта кетейік, 4-7 шілдеде "Екатеринбург-ЭКСПО" көрме орталығында 12-ші ИННОПРОМ көрмесі өтеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.