Президент Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

2 256

Фото: пресс-службы АкордыҚасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

 Ақтөбе қаласы маңында өзен бойындағы қамыс өртеніп жатыр Талдықорғанда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды Қазақстан 2030 жылға қарай контейнерлік жүк тасымалын 10 млн тоннаға жеткізбек Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті. Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Бұл – саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі.