Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

2 507

Фото: АқордаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқан,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шара барысында Қазақстанның Әнұраны шырқалып, көк байрақ көтерілді. Президент Мемлекеттік рәміздер күні әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие екенін атап өткен.

Көк туымыз – Тәуелсіздіктің тұмары. Елтаңба – елдігіміздің белгісі, Әнұран – халқымыздың айбынды үні. Бұл үш рәміз – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ұлттық рәміздерді құрметтеу отаншылдықтың басты көрінісі екенін айтып, олардың мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Оның сөзінше, Үкімет жақын уақытта мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне қатысты қаулыға өзгерістер енгізеді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жаңа Конституция әділетті Қазақстан құру жолындағы берік негізге айналғанын атап өткен.

Айта кетейік, 4 маусым – Қазақстандағы Мемлекеттік рәміздер күні. Биыл тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының қабылданғанына 34 жыл толған. Қазақстанның көк байрағы Reddit платформасындағы халықаралық онлайн-турнирде әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылған. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің көшірмелері Арктикалық дүниежүзілік архивте сақтаулы.