Ақорданың ғимаратында жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

329
Қазіргі уақытта Ақорда резиденциясында жоспарлы жөндеу жүргізілуде. Жұмыс мамыр айында басталды және қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы президенттің іс басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Ақорда резиденциясының ғимаратының шатырына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Ғимараттың қасбеті шатырға оңай көтерілуі үшін алынды. Шатырдағы жөндеу аяқталғаннан кейін ол орнына бекітіледі", делінген хабарламада

Сонымен қатар, тарихи ғимараттың эстетикалық келбетін бұзбау үшін нысанның сыртына құрылыс сатылары орнатылмай, оның орнына неғұрлым жеңіл технология таңдалғаны белгілі болды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.