Президент Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

2 357

Фото: пресс-службы АкордыҚазақстан Президенті Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Ұлан-Батыр қаласындағы Шыңғыс хан ұлттық музейін арнайы барып көрді, - деп хабрлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2019 жылы ашылған музей қорында 10 мыңнан астам бірегей жәдігер бар. Экспозицияның негізгі бөлігі ұлы қолбасшы әрі жиһангер Шыңғыс хан тұлғасына арналған. Бұдан бөлек көрмеде Ғұн дәуірінен бастап XX ғасырға дейінгі Моңғол мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін толық қамтитын артефактілер қойылған.

Музейдің тағы бір маңызды міндеті – Еуразия халықтарының көшпелі өркениеті мен мәдени мұрасын зерттеу және оны жан-жақты дәріптеу.

Мемлекет басшысы музейді аралап көріп, Құрметті қонақтар кітабына: «Шыңғыс хан ұлттық музейі – ұлы тұлғаның және тұтас мемлекеттің шежіресі. Руханият ордасы ел игілігіне қызмет ете берсін. Моңғолия халқының мерейі үстем болсын!» деп жылы лебізін қалдырды.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі. Мыңдаған жылдарға созылған тарихи байланысы бар екі халықтың қазір түрлі саладағы қарым-қатынасы жақсы деңгейде. Екі ел басшысының кезекті кездесуінде саяси және экономикалық байланыстарды нығайту жайы талқыланып, бірқатар келіссөз өтуі мүмкін екені айтылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.