Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысын өткізді

830
Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Онда еліміздің Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ГРЕКО бастамасына қатысу перспективасы талқыланды.

Ерлан Қариннің айтуынша, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына тоқталды. Тапсырманы орындауға қатысты проблемалар көрсетіліп, сын-ескертпелер айтылды. Осы тұста комиссия нақты ұсыныстар әзірледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.