Қытаймен визасыз режимнің қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құжаттың қолданылу мерзімі туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АЖ тармағына берілген хатта хабарлады.
Келісімге сәйкес, қазақстандықтар Қытай аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін визалық талаптардан босатылады. Бұл ретте 180 күн ішінде азаматтың Қытайда болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс.
Екі елдің азаматтары екінші тараптың аумағына жеке істері, туризм, ем қабылдау, халықаралық тасымалдау, транзит, сондай-ақ іскерлік мақсатта (келісім-шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) кіру үшін визалық талаптардан босатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптардан босату келісімі туралы мамыр айында белгілі болған еді.