Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызметінен кетті

518

Фото: Қызылорда әкіміНұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда әкімі қызметінен кетті. Енді ол премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаратын болады. 

"Премьер-министрдің өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады", - делінген сайтта. 

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 

Ресей президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап премьер-министрі кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.