Мемлекет басшысы Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды

2 137

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.



Сапар аясында Қазақстан президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.


Душанбе халықаралық әуежайында мемлекет басшысын Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.