Сенатта су тасқынына дайындық мәселелері жөнінде Үкімет сағаты өтеді

2 278

Фото: СенатСенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Депутаттар осы аптада өтетін іс-шараларды пысықтады және 30 қаңтар күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде Палата депутаттары «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелім баждарының сомасын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл құжаттың нормалары санкциялық шектеулер жағдайында Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік баждарды әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі кедергілерді жоюға бағытталған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.