Путин Украинаның көп аймағын басып алмақ
230

"Қандай да бір келісімге келеді деген үміт болды. Путин ары-бері ойланды. Бұл жағдайда қалай жеңіске жету керегін ойлап, шешімін таппақ болды. "Мәскеу" крейсері апатқа ұшырағаннан кейін Путин ол ешқандай келісімге қол қоймайтынын ұқтырды. Енді ол өзін жеңімпаз ретінде көрмейді, себебі крейсердің апаты ол үшін ұят болды", - дейді дереккөздердің бірі.
Тағы бір дереккөз журналистерге ресейлік телеарнада айтылып жатқан нәрсе рас екенін, Путин "ұлы жеңіске" жетпек екенін айтты. FT дереккөзі генералдар Путин не естігісі келсе соны жеткізетінін, сондай-ақ оның айналасындағылар ресейлік телеарналарда көрсетілетін насихаттау әрекеттерін көрсетіп жүргенін айтады.
Путин жақын адамдарымен әңгімелескенінде ресейлік әскер Мариупольдегі бейбіт халыққа, оның ішінде, "Азовсталь" зауытындағы адамдарға оқ атылмағанын айтыпты-мыс.
Ресей президенті Зеленскиймен кездесуден қашатынын, "әзірге кездесу уақыты келмегенін" айтады. Кремль дереккөздері алдымен Путин кездесу үшін ресейлік әскер Украинаның біраз аймағын басып алуы керегін айтқан.
Кейбір ресейлік шенеуніктер Путин Украинада ядролық қару қолдануы мүмкін деп алаңдап отыр.