Қазақстанға атом станциясы қажет - Тоқаев

445
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикаға АЭС қажет екенін айтты. Президент бұл мәселені жан-жақты қарау керек деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Мен Қазақстан халқына жолдауымда Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндетін қойдым. Мемлекеттің, халық пен бизнестің өзекті қажеттіліктерін тиісті шамада ескеру маңызды. Мен бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын кез келді деп санаймын, өйткені Қазақстанға атом станциясы қажет", - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форум - 2021-де онлайн режимде сөйлеген сөзінде.

Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федерал университетінің кампусында өтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.