Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жылдық бюджет туралы заңға қол қойды

2 517

Фото: Ақорда баспасөз қызметіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент ұсынған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджет туралы заңдарға қол қойды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Заңдарға сәйкес, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана бюджеттері арасындағы трансферттердің көлемі анықталды. 2025 жылғы 20 қарашада Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин заң жобасын таныстырған болатын.

Вице-премьердің айтуынша, жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі қамтамасыз етілген, барлық базалық шығыстар есепке алынған, ал даму бюджеті республикалық бюджеттің мүмкіндіктеріне сәйкес қалыптастырылған. Жергілікті бюджет кірістері 2026 жылы 10,7 трлн теңге деп болжануда.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.