Екі мемлекет басшысы құны 17 миллиард доллардан асатын бірқатар келісімдерге қол қойды

2 526

Фото: АқордаКездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентіне Вашингтонға шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді. Ол Дональд Трамптың президенттік қызметінің тарихи мәніне тоқталып, оның басшылығымен Америка Құрама Штаттарының экономикалық, саяси және технологиялық держава ретіндегі ықпалының арта түскенін атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Америка Құрама Штаттарының көшбасшысы жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазақстан АҚШ президентінің бейбітшілікке бағытталған бастамаларын толық қолдайды», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар болашақта Орта дәліздің дамуына серпін беретін “Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолы” (TRIPP) жобасына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады. Сапар барысында қос тарап жалпы құны 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол жеткізді.

Келіссөздер кезінде екі ел басшысы ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын егжей-тегжейлі талқылап, болашақтағы өзара тиімді серіктестіктің нақты бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ олар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

“Орталық Азия – АҚШ” саммитінде журналистер Дональд Трамптан Қазақстанмен жасалған келісімдер мен болашақ сапары жайында сұрады.

“Қазақстан мен АҚШ 17 миллиард доллар көлеміндегі келісімдерге қол қойды. Бұл ынтымақтастық авиация, пайдалы қазбалар мен цифрлық технологиялар салаларын қамтиды. Сіздің ойыңызша, осы бағыттардың қайсысы ерекше маңызды? Екіншіден, Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ президенті деп қашан атай аламыз? Елге сапар жоспарларыңыз бар ма?” – деп сауал қойды тілші.

Дональд Трамп Қазақстанға баруы ықтимал екенін айтты.

“Иә, бұл әбден мүмкін. Барлық сала маңызды деп ойлаймын. Бір жылдан кейін не болатынын дөп басып айту қиын. Сіздердің табиғи ресурстарға бай және парасатты басшы басқаратын ел екеніңізді білеміз”, – деді АҚШ экс-президенті.