Ардақ Назаровтың орынсыз посты қоғамда резонанс тудырды

1 642

Фото: instagram/Ардақ НазаровТүркістан облысындағы өрттен 12 адам, оның ішінде 9 бала қаза болған қаралы күні Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әлеуметтік желіде «Құтты біліктен» алынған өсиет жазбасын жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ел қайғы жұтып отырған сәтте оның «ақыл айтуы» көпшіліктің ашуын тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл қадамды орынсыз деп санап, сын пікірлерін қарша боратты:
— «Жағдаймен санаспайды»,
— «Осындай ауыр күнде тақырып таңдай алмай ма?»,
— «Мандатын қайтартып алатын механизм жоқ па?» — деп жазды.

Қоғамда депутаттың әрекеті уақыттың қолайсыз таңдалуы үшін кең талқыға түсті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.