Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның шекарасын бекітудегі қиындықтар жайлы айтты
310
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның шекарасын бекітудегі қиындықтар туралы баяндады. Айтуынша, бірнеше жылға созылған келіссөздер арқасында ел шекарасының бекітілуі толыққанды аяқталған. "Штрихи к портрету" деректі фильмінде Елбасы Қытаймен шекараны реттеу мәселесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қосқан үлесі туралы да сөз етті.
"Бастапқыда біз шекара туралы әңгіме қозғай бастадық. Алдымен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, кейіннен Тәжікстан. Қытаймен шекаралас төрт мемлекеттің алдында осы мәселелерді кешенді шешу міндеті тұрды. Келіссөздер 12 жылға созылды", - деді ол.
Назарбаевтың айтуынша, Қытай төрағасы Цзянь Цзэминьмен келісімшартқа қол қойылған. Алайда шекараның бірнеше шақырымдық даулы бөлігіне келгенде, арада біршама қиындықтар туындапты. "Картографиялық деректерді таптық. Бірақ ондағы деректер біз үшін жеткіліксіз болды. Екі тарапта да күдік тұрды. Бұл жер Қытайдікі ме, әлде Кеңес одағынікі ме деген сауалдар туындады.
Зерттеп, зерделей бастадық. Ештеңесі жоқ тастақ жер. Тіпті қой бағуға да жарамайды. Бірақ жердің аты жер болғандықтан, арада дау туындады", - дейді Елбасы.
Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық қабілетінің үлкен рөл атқарғанын айта кетті.
"Дәл осы делегацияның құрамында Тоқаев та бар болатын. Ол осы іске араласып, аталған мәселе бойынша жұмыс істей бастады. Оның жұмысы басқаларға қарағанда нәтижелі болып, артынша бір келісімге келіп, қол қойылды", - деп есіне алды Назарбаев.