Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына Олжас Бектеновті Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалдыруды ұсынды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Тоқаев премьер-министрге байланысты ұсынысын айтты.
Депутат Дания Еспаева президент ұсынысын қолдады.
Кейін депутаттар дауыс беріп Олжас Бектеновті премьер-министрі қызметінде қалдырды.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік тәмамдаған. Еңбек жолын Алматының Әділет басқармасында бастап, кейін Премьер-министр Кеңсесі мен Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған.
Әр жылдары Әділет министрлігінде, Қаржы полициясында, Астана әкімдігінде және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыс істеді. 2017–2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдан бастап мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында басшылық қызметтер атқарды. 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті басқарды.
2023 жылғы сәуірде Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстанның премьер-министрі қызметіне келді.
Қаз
Рус






