Қазақстан мен Ресей консулдық округтердің шекарасын қайта қарауды жоспарлап отыр

2 500

Енгізіліп жатқан өзгерістер Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Қазақстан мен Ресей консулдық округтердің шекарасын қайта қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ресей қазақтарының федералды ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраев.


Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығы консулдық округінің құрамынан Маңғыстау облысының аумағы шығарылады.


Қазақстанның Астраханьдағы Бас консулдығының консулдық округіне Дағыстан, Ингушетия, Кабардин-Балқар, Қалмақия, Солтүстік Осетия-Алания, Шешенстан Республикасы, Ростов облысы, Краснодар және Ставрополь өлкелері кіреді. Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтары алынып тасталды.


Түсіндірме хатта енгізіліп жатқан өзгерістер Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретіні аталып өткен.


Ибраев Ресей тарапының Оралда және Қазақстан тарапының Астрахань қаласында консулдық ашатыны туралы келісімге 2000 жылы қол қойылғанын еске салды.


Құжат тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастырады.