Саясат Нұрбек Президентке есеп берді

2 522

AkordaМемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Саясат Нұрбек жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар бастама мен жобаларды таныстырды және елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты:


Ведомство басшысының ақпаратынша, шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.


Сондай-ақ, биыл студенттерге қаржылай қолдау көрсетудің жаңа тетіктері енгізіле бастады. Олардың қатарына «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын, жеңілдетілген білім беру несиесі мен дифференцияланған гранттарды жатқызуға болады. Аталған шаралар халықтың барлық санатына жоғары білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.


Министр жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы туралы да  есеп берді:

– қазір 8 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр;

– цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған;

– жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы жатақханалар салу, жоғары білім мен ғылым инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.