Отандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды

515
Прокуратура сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Балушкинге ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті іздеу салған. Бұдан бөлек, бизнесмен қылмыскерлер тізіміне еніп отыр. "Іздеу салынған тұлғаның тергеуден жалтарғаны" атап өтілген
.  
Айта кетерлік жайт, Анатолий Балушкин Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең беделді бизнесмендері қатарына енген. 2020 жылы оның иелігінде 150 миллион доллар бар екені белгілі болған және ол "Азия Авто" АҚ мен "Бипек Авто Қазақстан" АҚ-ның басты акционері болып саналған.

"Азия Авто" АҚ құрамына Өскемендегі автомобильдерді құрастыру зауыты кіреді. Сонымен бірге, компанияның еліміздің үш өңірінде және Ресей мен Чехияның үш өңірінде 15 өкілдігі бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.