Сайлауға түсіп жатқан үміткер көпшілік алдында табытқа жатты

369
Мексикада саясаткер сайлауалды уәделерін орындамаса өзін тірідей жерлейтінін мәлімдеп, көпшілік алдында табыттың ішіне жатып көрді.

Депутатқа үміткерлердің бірі болып табылатын мексикалық саясаткер Карлос Майорга сайлаушылармен кездесуге табыт ала келген. 

Ол көпшіліктің көзінше табытта жатып сөз сөйлеуді жөн санаған. 

Оғаш жағдайдың видеосын журналист Сальвадор Гарсия Сото өз Twitter парақшасында жария етті. 
Жергілікті El Universal басылымының ақпаратына сенсек, саясаткер сайлауалды кампания барысында Хуарес қаласының "жерлеуін" ұйымдастырған. Ол "өлі қаланың" рөлін жеке өзі сомдап, табытқа жатып көруден де тайынбаған. 

Саясаткер АҚШ-пен шекаралас жатқан қаланың "басынан өткерген қиындықтарын" сөз етіп, арнайы "жоқтаушылар" қаланың "қазасына" байланысты қайғыға толы көңіл-күйді барынша көрсетуге тырысады. 

Іс-шара соңында Майорга табыттан шығып, Хуареске "жан бітіруге" уәде береді. Ол сайлауалды уәделерін орындай алмаса, өзін тірідей жерлеуге сөз берді.