«Қазақ тілі – халықтың тілі, орыс тілі – бай мен биліктің тілі» – қоғам қайраткері
300
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов Qasqa Jol Youtube-арнасына берген сұхбатында қазақ тілінің мәртебесі туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақ тілі қатардағы қарапайым халықтың тілі болса, бай мен биліктің тілі – орыс тілі. Ол да қоғамның ішіндегі қайшылықтарды туындатады. Ал қатардағы мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі қолда бар ақпаратын өздерінің міндетіне сәйкес басшыларына жеткізіп отыруға тырысады. Бірақ саяси лауазымдағылар: министр, әкімдер өздерін тағайындаған адамның қас-қабағына қарап әбден үйренген. Себебі, оларды тағайындағанда біліміне, білігіне қарап тағайындаған жоқ. Оларды тағайындағанда сол адамға сенемін деп тағайындады. Сол өзіне қызмет етеді деп тағайындады. Бұл жерде біздің саяси жүйенің қайшылығы бар. Оның түбі – 1995 жылғы Конституцияда», – деді ол.