Қазақстанға Ресейден қауіп төнуі мүмкін бе?

601
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді: Қазақстанның солтүстік өңірлеріне Ресейден қауіп төнуі мүмкін емес екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат  агенттігі.  

«Бұл мүмкін емес. Мемлекеттеріміздің арасында қажетті құқықтық база бар. Шекарамыз делимитациядан өтті. Қазір демаркация процесі жүріп жатыр. Демаркация процесі 2-3 жылдың ішінде жасалады», - деп жауап берді Мұхтар Тілеуберді тілшілер сауалына.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей тарапынан Қазақстанға жерге қатысты ешқандай талап болмайтындығы ең жоғары деңгейде расталғанын атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.