Қазақстан мен Түркия қандай келісімдерге қол қояды?
Қасым-Жомар Тоқаев 29 шілде күні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды әрі мазмұнды қадам болмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ресми сапар аясында негізгі басымдық экономикалық ынтымақтастыққа берілуі мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстар серпінді дамып жатыр. 2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 6 млрд АҚШ долларын құрады. Ал 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш 5,5-6 млрд доллар шамасында сақталып отыр.
Оның айтуынша, ресми сапар аясында 5 негізгі бағыт бойынша ынтымақтастықты тереңдету көзделген. Экономика және инвестиция, көлік және логистика, энергетика және тау-кен өнеркәсібі, білім, ғылым және мәдениет, қорғаныс және қауіпсіздік бағыты қаралады.
Экономика және инвестиция
–Сауда көлемін арттыру;
– ТМД кеңістігінде экспортты кеңейту;
– Өндірісті терең өңдеу мен кластерлік даму (көмір-химия, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы өнімдері);
– Жылыжай кешендері, логистика, фармацевтика салаларындағы жаңа инвестициялық жобалар бойынша келіссөздер.
Көлік және логистика
– Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту;
– Қытай-Қазақстан-Каспий-Түркия бағыты бойынша Еуропаға шығатын баламалы дәлізді күшейту;
– Кедендік рәсімдерді жеңілдету, теңіз және әуе қатынасын арттыру, интермодаль үйлестіру мәселелерін талқылау.
Энергетика және тау-кен өнеркәсібі
– Уран мен басқа да энергетикалық ресурстарды Түркияға экспорттау көлемін арттыру;
– Түркияның ядролық энергетикаға инвестициялық қызығушылығын ескере отырып, бірлескен жобаларды қарастыру;
– Баламалы энергия, энергияны үнемдеу, аккумулятор өндірісі сияқты инновациялық салалардағы ынтымақтастық.
Білім, ғылым және мәдениет
– Студенттер мен ғылыми қызметкерлер алмасуын арттыру;
– Ортақ ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру;
– Түркітілдес елдер арасындағы мәдени ықпалды кеңейту.
Қорғаныс және қауіпсіздік
– Әскери барлау, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты нығайту;
– Түрік дрондарын Қазақстанда бірлесіп өндіру туралы келісімдер;
– Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған протоколдарды кеңейту.







