"Еңбек өтілім әріптестерімдікінен әлдеқайда көп" - Даниал Ахметов

326

Шығыс Қазақстан облысының әкімі еңбек өтілі көп болғандықтан жалақысының әлдеқайда жоғары екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Даниял Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еңбек өтілінің 48 жыл екенін айтты. 

"Әкімдерде базалық жалақы бірдей. Яғни жалақы бір, ал әрі қарайғы өсімі еңбек өтіліне байланысты. Қазір жалақымды айтсам, әлеуметтік желіде сынай бастайсыздар. Менің еңбек өтілім 48 жыл. Бұл сіздердікінен әлдеқайда көп. Ал мемлекеттік қызметтегі өтілім 33 жыл", – деді Даниял Ахметов.

ШҚО әкімі еңбек өтілі өзге әріптестерінікімен салыстырғанда көп екенін қосып өтті. 

"Өзге әріптестеріме қарағанда мен бұл қызметке мол тәжірибемен келдім. Менің жалақым 2 миллионнан жоғары", – деп қосты ол. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.