Конституциядан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты норма алынып тасталады

483
Конституциялық кеңеске тұңғыш президенттің мәртебесіне қатысты норманы Конституциядан алып тастау туралы қосымша өтініш жолданды. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді.

"Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, тұңғыш президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және Конституцияда жеке бекітуді талап етпейді", - деп жазды Қарин өзінің телеграм-каналында. 

Бұған дейін хабарланғандай, 4 мамырда Конституциялық кеңес Ата заңға енгізілетін түзетулер жобасы бойынша оң қорытынды берді.

Қарин бұл ел мен ұлттың болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі екенін атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.