Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер қандай іс бойынша күдікке ілінгені анықталды

349
Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Forbes нұсқасы бойынша 50 кәсіпкер тізіміне енген "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті "Азия-Авто" компаниялар тобының негізін қалаушы Анатолий Балушкинге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген хабарламада.

Онда сот сырттай бұлтартпау шарасына санкция бергені, кәсіпкерге іздеу жарияланғаны айтылады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.