Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

1 016
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын",-делінген Жарлықта.
 


Еске салайық, 2020 жылдан бері Қызылорда облысының әкімі қызметін Гүлшара Әбдіхалықова атқарған болатын.

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

Кейін «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, «Стандарт ОйлБейс» және «Стандарт ОйлТрейдинг» ЖШС-лерінің директоры,

«СтандартГаз» ЖШС директорының орынбасары, «ХаррикейнОйлПродактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры,

«ҚызылордаМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары,

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған.

2013-2021Қызылорда қаласының әкімі болып келді.                                                                     

2021 жылдан осы күнге дейін Нұрлыбек Машбекұлы Үкімет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.