Қазақстан мен Өзбекстан сотталғандарды өз еліне беру туралы заңға қол қойды

524
Енді Қазақстан мен Өзбекстанда сотталғандар жазасын өз елінде өтей алмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін тиісті заң Конституцияда белгіленген талаптарды жүзеге асыруға бағытталғаны хабарланған еді. Конституцияда, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан азаматын шет мемлекетке беруге болмайтыны көрсетілген. Сонымен қатар республика өз азаматтарын мемлекет аумағынан тыс жерде қорғауға кепілдік береді. Осыған ұқсас норма Өзбекстан Конституциясында да бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.