Тоқаевтың "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды
491
Қайрат Нұртай президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Қайрат Нұртай 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін "инженер-механик", Д.А. Қонаев атындағы университті "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының "мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі" академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2004 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.
2005-2006 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы;
2006-2014 жылдары Президент кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі;
2014-2015 жылдары Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдың шілде айынан бастап 2022 жылдың наурызына дейін Қармақшы ауданының әкімі болған.
2022 жылдың наурыз айынан бастап жаңа қызметіне дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.