ҚЫЗЫЛОРДА САЙЛАУ УЧАСКІЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫН БА?

1 869
Қызылордада сайлау учаскілері референдумға дайындығы көңіл көншітпей тұр, -   деп хабарлайды Opennews.kz    ақпарат агенттігі. 

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу арқылы конститутциямызға біршама өзгеріс еңгізбек. Осы орайда, 2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткiзу жайында қаулы шыққан болатын. Президентіміздің жаңа бастамасы, Конститутциялық өзгерістерден бастау алмақ. «Жаңа Қазақстанды» құруда білек сыбана кіріскен мемлекет басшысының тапсырмасының жүзеге асуын және де сайлау алды жұмыстардың  жүргізілуіне біздің тілшілеріміз бірқатар барлау жұмыстарын жүргізген болатын. 


Естеріңізге сала кетсек, сайлау нормативтері мен заңына сәйкес белгіленген күннен 10 күн бұрын сайлау учаскілері дайындығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілу керек делінген. Алайда қаламызда орналасқан сайлау учаскілерінде кемшіліктер орын алып отыр. Атап айтар болсақ, №198 мектеп №206 сайлау учаскісі ретінде ақпараттар тақтасын аңғара алмадық. 

Небәрі 5 күн қалса да, әлі күнге дейін сайлау учаскілерінің стандартқа сай болмауына не себеп? Ол аздық еткендей, референдумға ұсынылған өзгерістерден бейхабар қала тұрғындары тіпті қай учаскіге қарасты екендігінде білмей дал. Облыс төңірегінде жергілікті халықтың мұндай күйге түсуіне не себеп? 


Сайлау алды жұмыстарының жүргізілмеуі, халықтың ақпараттандырылуының аздығынан қандай өзгерістер болатындығынан хабарсыз. Тіпті, жастарымыздың өзі президент сайлаймыз деп әлек. Ең қызығы осы сайлау учаскілік хатшылары да, референдум дегеніміз не? Қандай өзгерістер еңгізілмек деген сауалдарымызға күліп қоя салуы да, нақты жауап бере алмайтындығының көрінісі. 
Біздің жергілікті тұрғындардың арасында жүргізілген сауалнамаға сүйенсек халық арасында референдумның не екендігін білмейтін, тіпті сайлау учаскісі мен не үшін дауыс беретіндігінен бейхабар жандар бар. Тіпті қай сайлау учаскісі мен не үшін дауыс беретіндігінінен хабары болмаған жастарда біршама. 
Еліміздің тыныс-тіршілгіне етене араласып, «Жаңа Қазақстанды» құруда белсене ат салысып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарымызға берілген «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» бөліміне қарасты №366 сайлау учаскісі толығымен жабдықталған. Ақпараттар тақтасы да, тіпті қосалқы жарық шамдарымен қамтамасыз етілгендігін аңғардық.Сонымен қатар, сайлау барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы  тасымалдау көлігі бар екендігін алға тартты.

 Қоғам арасында қызу талқыға түсіп жатқан сайлауда 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр. Өзгертулерде 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру; президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу; парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту мәселелері қамтылған. 



 АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

фотожурналист ДИНАРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ