Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды

658
Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды,- деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Қиясов Ерлан Аңсағанұлы берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.


Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.  Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.