Учаскелік комиссиялар дауыс беруге дайын – Нұрлан Әбдіров

370
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров:  Орталық сайлау комиссиясының отырысында референдум күні дауыс беруге  сайлау учаскелерінің дайын екенін айтты , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.   
   
                                                                   
 «Әріптестеріміздің ақпаратына сәйкес, учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне дайын. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізілді және олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - деп атап өтті ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Сонымен қатар ведомство басшысы атап өткендей, азаматтар есептен шығару куәлігін алып, басқа дауыс беру учаскелеріне әлі де тіркеліп жатыр. 

«Әрбір өңірдің, облыстың өз дерегі бар. Дегенмен, ертең кешкі сағат 18.00-ге дейін куәлік алуға болады. Осы референдумға дауыс беру құқығы бар азаматтарымыз дауыс беру үшін учаскелерге жүгініп, есептен шығару куәлігін алып, өздеріне ыңғайлы учаскеде дауыс бере алады. Орталық референдум комиссиясы, еліміздің барлық өкілетті органдары референдум жайында ақпараттандыру үшін бәрін жасады. Сонымен қатар электронды жүйені пайдаланып, тізімнен өзін тексеру мүмкіндігін берді», - деді ОСК төрағасы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.