Екі ел арасындағы қақтығысқа нүкте қойылды

1 415

Фото: EPA/Vostock-photoАуғанстан мен Пәкістан Қатар астанасы Дохада өткен келіссөзде екі ел арасындағы шайқасты дереу тоқтату жөнінде шешімге келді,-деп хабарлайды "Opennews'' ақпарат агенттігі.

Екі ел арасындағы бір аптаға созылған қанды қақтығысқа нүкте қойылды. Нәтижесінде шекара бойындағы шабуыл салдарынан ондаған адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жараланған болатын — бұл соңғы жылдардағы ең ауыр шиеленіс деп бағаланып отыр. 

Қатар тарабының мәліметінше, тараптар тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған арнайы механизмдер құрып, алдағы күндері қосымша келіссөздер өткізуді жоспарлауда. Сондай-ақ бұл процесте түрік дипломаттары да қолдау көрсеткен. 

Айта кетейік, екі елді 2600 шақырымдық Дюранд сызығы бөліп тұр. Алайда Ауғанстан бұл шекараны тарихи әділетсіз деп санап, мойындамай келеді. Шекара мәселесі ғасырдан астам уақыт бойы екі мемлекет арасындағы ең күрделі даулардың бірі деп саналуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.