"Өлім жазасына қарсымын" - Мәжіліс депутаты

1 458

Фото: МәжілісБұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан көшпелі Үкімет сағатының кулуарында айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жақында Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілуі мүмкін деген жаңалық тарады. Бұған елдегі соңғы резонанстық оқиға себеп.  

"Өз басым заңгер ретінде бұл мәселеге қарсымын. Өйткені тергеу мен соттың қателігі деген нәрсе әзірге әлемде бар құбылыс. Соның ішінде ТМД елдерінде де бұл үлкен мәселе. Мен бұрын депутат болмай тұрып, адвокат ретінде де осы өлім жазасына қарсы болғанмын. Сондықтан әзірге бұл мәселені қайта қарастырудың уақыты келген жоқ деп санаймын", – деді мәжілісмен.