Дариға Назарбаева Nur Otan саяси кеңесінің құрамынан шықты

373

Тұңғыш президенттің үлкен қызының есімі партияның саяси кеңесінің құрамында жоқ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінің қорытындысында белгілі болды.

Билеуші партияның саяси кеңесінің құрамы жаңартылған. Оның құрамында көптеген көрнекті тұлғалар жоқ болды. 

Мысалы, ол жерден журналистер Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға мен партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекті іздеп таба алмады. 

"Спикер Әшімбаев, спикер Нығматулин және басқалар саяси кеңестегі орнын сақтап қалды. Кеңеске келгендер арасында политех ректоры Бегентаев, агробизнесмен Зенченко, ПӘ жетекшісі Қошанов, бұрынғы футболшы Лория, астана әкімінің орынбасары Оралов, мәжілісмендер Саиров пен Сарым, саясаттанушы Шибутов және басқалар бар, - деп жазады өзінің Telegram-каналында саяси шолушы Ғазиз Әбішев.

Сондай-ақ, ол саяси кеңесте Бауыржан Байбек, депутат Дариға Назарбаева, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин, Дархан Кәлетаев, министр Дәурен Абаев, әкім Гүлшара Әбдіқалықованың жоқ екенін жазды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.