Президент қол қойды: Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді

2 514

Фото:©АқордаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент қаулысында Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23-ші тамызға тағайындалғаны көрсетілген.
Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылған. 

Үкіметке, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінеҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдау бұйырылған. Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілген. Қазақстан президенті жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жариялады. Ол бүгіннен бастап ел тарихында жаңа дәуір басталғанын атап өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.