Президент өкілі жастармен Конституцияны талқылады

2 510

Фото: Stan.kzАлматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың қатысуымен жастармен ашық кездесу өткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің көмекшісі Алматыда жастармен жаңа Конституция жобасының ережелерін талқылаған.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, ұсынылып отырған өзгерістердің практикалық маңызы және олардың елдің одан әрі дамуына ықпалы жан-жақты талқыланды. Диалог ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, жастарды толғандырған сауалдарға толыққанды жауап берілген.

Сондай-ақ 15- ші наурыз күні өтетін дауыс берудің маңыздылығына ерекше назар аударылған. Белсенді әрі саналы жастар өз азаматтық ұстанымын білдіруге және Қазақстанның Жаңа Конституциясы жобасын қолдауға дайын екенін көрсеткен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.