Президент Қызылордадағы Үстел теннисі орталығында болды

2 556

Фото:AqordaМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласындағы жаңа Үстел теннисі орталығын аралап көрді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кешеннің құрылысына облыс бюджетін оңтайландыру нәтижесінде үнемделген қаржы есебінен 2,5 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар жобаға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры тарапынан 900 миллион теңге көлемінде қосымша қаржылай қолдау көрсетілді. Нысанның құрылысы 2024 жылдың қазан айында толық аяқталған.

Заманауи стандарттарға сай салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған трибуна, жаттығу залы және әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 52 қызметкер тұрақты жұмыс істейді.

Фото:AqordaБүгінде орталықта 280 бала үстел теннисімен тұрақты түрде айналысып, кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен шеберліктерін шыңдап келеді.

Жаңа спорт кешенінің ашылуы өңірде бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыруға және ұлттық құрама командаларға жаңа таланттарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.