Ауыл жастарына жаңа партия ұсынылды

318
Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жоба ұсынылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Jas Otan» жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғырту аса маңызды. «Jas Otan» қатарына жастар арасында шын беделі бар нағыз көшбасшыларды тартамыз. Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жобасын ұсынамыз», - деді А. Оралов.

 Оның аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді шаралар жүзеге асырылады.

 «Бұдан бөлек, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылады. Ел қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық беріледі», - деді партияның атқарушы хатшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.