Тоқаев масс-медиа туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев масс-медиа туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Заң жобасы мемлекет мүддесі, қоғам сұранысы және медиа-саланың даму үрдісін ескере отырып, масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, журналистердің құқықтарын нығайту және міндеттерін қайта қарау, сондай-ақ журналистердің артықшылықтарын кеңейту бойынша жағдай жасау көзделген.
Қаз
Рус






