Тоқаев: "Қазақстан Ресейге қарыз емес"
426
Қасым-Жомарт Тоқаев: қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскери көмегін шақыруымыз ел тыныштығы үшін, саяси маңызы бар қадамдардың бірі болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілік арасында ҰҚШҰ ұйымның әскерлері Ресейдің Қазақстанға жіберген жеке әскері, біз оларға қарызбыз деген алып қашпа әңгіменің нүктесін қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілік арасында ҰҚШҰ ұйымның әскерлері Ресейдің Қазақстанға жіберген жеке әскері, біз оларға қарызбыз деген алып қашпа әңгіменің нүктесін қойды.
"Путинге қарыз болып қалдық деген бос әңгіме. Оны доғару керек. Біріншіден ҰҚШҰ Путиннің немесе Ресейдің жеке әскері емес қой. Бұл ұйымның әскери құрамы оған мүше елдердің бәріне ортақ.Оның ішінде Армения, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның әскери бөлімдері бар. Қазақстан осы ұйымның толыққанды мүшесі. ҰҚШҰ-ның негізін қалаушысы. Сондықтан бәрі заңды, қисынды болды. Қазақстанның тұрақтылығы Ресейге өте қажет. Оны дұрыс түсінуіміз керек. Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптес ел. Арамызда шынайы достық пен өзара сенім болуы керек. Біз ешкімге ештеңе қарыз емеспіз", — деді Президент.