Елбасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ басқарма төрайымы К.Шәмшидинованы қабылдады

499
Елбасымен кездесу барысында  басқарма төрайымы еліміздегі зияткерлік мектептердің қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспары туралы баяндады - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2008 жылдан бері республика бойынша жиырмадан астам жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балалар үшін үлкен демеу болғанын  атап өтті.
Осыған дейін бұл мектептерді 14,5 мыңнан астам бала бітіріп, олардың әрбір төртіншісі Назарбаев Университетіне қабылданды. 2021 жылдың өзінде Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің 29 пайызы Назарбаев Университетіне, ал 78 бала әлемнің ең озық

университеттеріне түсті.

 Басқарма төрайымы К.Шәмшидинова PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері дүние жүзінде математикадан үшінші орында, жаратылыстанудан бесінші орында тұрғанын, оқу сауаттылығы бойынша тоғызыншы орында екенін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасыға зияткерлік мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадаларда жеткен жетістіктері туралы ақпаратымен бөлісті. 





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.