Тоқаев қырғыз халқына көңіл айтты

339

Фото: Ақорда прессМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты. 


Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта. 


Қазақстан Президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.