Зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы мөлшері азаяды – Әлихан Смайылов

275
Әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі қоғамда жиі талқыланып жатқаны белгілі. Осыған орай Премьер-министр Әлихан Смайылов пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

"Бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы зерделеп жатыр. Тиісті қоғамдық өкілдерімен бірнеше кездесу өткізілді. Бұл жерде айтатын мәселе, адамдар ерте шығатын болса (зейнеткерлікке), онда зейнетақының да мөлшері де соған сәйкес төмен болады. Сондықтан мұны да ескеру қажет. Дегенмен, қоғамда осындай пікір болғаннан кейін әрине, жан-жақты талдап, зерттеу қажет. Қазір арнаулы жұмыс тобы құрылып, министрлік аясында бұл мәселені зерделеп жатыр. Соның нәтижесінде салалық министрлік тиісті ақпарат береді деп ойлаймын",  – деді Үкімет басшысы Qazaqstan ұлттық телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында.

Премьер-министр қазіргі жүйенің сақталуын жақтайды. Бірақ ол реформаларды жалғастыруға уәде берді.

Депутаттық сауалға жауап берген Смайылов зейнетақы төлеудің жыл сайын азаятынын түсіндірді. Ал жиынтық үлес тек өседі. Зейнеткерлік жасты төмендетсе, БЖЗҚ-ға түсетін табыс бірден төмендейді. Бұл өз кезегінде төлемдердің төмендеуіне әкеледі.

Министрлер кабинетінің басшысы зейнет жасын қысқартпай, тек бүкіл жүйені жетілдіру шараларын қабылдауды ұсынып отыр.



 Ол инфляцияны есепке алу үшін ынтымақты зейнетақыны индекстеуді сақтау, зейнет жасына дейінгі әйелдерді қолдау көрсету қажеттігін жеткізді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.