Қазақстан Халық партиясы да президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

532

Астанада Қазақстан Халық партиясының XI кезектен тыс съезі басталды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Партия жетекшісі Ермұхамет Ертісбаев кездесу тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін өте қиын уақытта өтіп жатқанын атап өтті.


"Қазір ішкі саяси ойындар мен бөлшектенудің уақыты емес. Бірлік пен парасаттылық қажет. Біздің партиямыз кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президент кезектен тыс сайлау өткіземін деп жариялаған күні-ақ қолдайтынын айтқан. Біздің съезд трибунасынан мен барлық партиялар мен қозғалыстарға, барлық республикалық қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Халық партиясының осы негізгі Жолдауын назарға алуға үндеймін", — деп атап өтті Ертісбаев.

Айта кетсек, бұған дейін Amanat партиясы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.