Премьер- министр жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

456
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, сондай-ақ көлік, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, іске асырылуын тексерді.


Батыс Қазақстан облысында мұнай-газ және химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша отандық және шетелдік инвесторлардың – KPO b.v., Shell, Agip Karachaganak b.v, SRPM Resources Ltd., ABS-Munai және т.б. қатысуымен жеке кеңес өткізді. Экономиканың аталған салаларында жаңа инвестициялық жобаларды – мұнай және газ өндіру көлемін ұлғайту, сондай-ақ оларды қайта өңдеу, МӨЗ, калий тыңайтқыштарын өндіру комбинатын салу және т.б. іске асырудың жай-күйі мен перспективасы қаралды. Қарашығанақ кен орнындағы инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға, сонымен қатар ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге назар аударылды.

Премьер-министр «Батыс Су Арнасы» кәсіпорындары мен «Жайық Ет» ЖШС-да, сондай-ақ Теректі ауданының Тұқпай ауылында болып, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй инфрақұрылымы құрылысының барысымен, өңірдің АӨК дамуымен танысты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.