Қазақстан кедей елдерді дәнді дақылсыз қалдырмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

251

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Ақорда пресс

Отырыс барысында азық-түлік пен тыңайтқыштарды санкциялар мен шектеулерден алып тастау керек деп мәлімдеді.


Ел басшысы әлемдік қауымдастықта “астықтың сенімді жеткізушісі” бола беретінін түсіндірді. Әсіресе кедей елдерді астық пен азық-түліксіз қалдырмайтынын атап кетті.


Тоқаев Қазақстан астық өндіруден әлемде жетінші мемлекет екенін еске салды.


"Әлемдік азық-түлік жетіспеушілігімен күресу үшін көмектесуге дайынбыз. Қазақстан алдағы уақытта да астық пен басқа да негізгі азық-түлік өнімдерін жеткізуші қызметі абыроймен атқарады. Әсіресе кедей елдерге жеткізуден тайынбайды", – деді президент.


Ол сондай-ақ Қазақстан инклюзивтілік, көпжақтылық және ізгі ниет қағидаттарын басшылыққа ала отырып, бәрімен ынтымақтасуға дайын екенін көрсетті.


"Қазіргі қиындықтарды елдер бірлесіп әрекет еткенде ғана жеңуге болады.Біз жаһандық сын-қатерлер мен дағдарыстарға жай ғана қарап қоймай, жаңа тенденциялардың алдын алуға және оларды болжауға, сондай-ақ стратегиялық жоспармен мәселені шешуге ұмтылуымыз керек", - деп қосты Қазақстан басшысы.