Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталд

2 520

Фото: АқордаБүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Құрылтайдағы талқылауға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері келді.

Кеше Астанада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты.

— Ертең Ұлттық құрылтай отырысында мен еліміздің тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірлерімді айтамын. Нақтылай айтқанда, еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді, — деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 19 қаңтар күні құрылтай мүшелері «Әлеуметтік-мәдени даму», «Білім және ғылым», «Азаматтық қоғам», «Экономикалық даму» секцияларына қатысып, осы салаларда қордаланған, жүйелі шешімін табуға тиіс мәселелерді талқыға салды.

Сондай-ақ құрылтайдың бұған дейінгі жұмыс отырыстарында айтылған ұсыныстар да пысықталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.